Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Астанада мұнара краны құлады: зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды

AstanaTV
15.05.2023ж. 15:06
826
Астанада мұнара краны құлады: зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды

Астанада құрылыс алаңында мұнара кранының құлауы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін оқыс оқиғадан ер адам зардап шеккені хабарланған болатын. Жәбірленушінің туысы Алена Юцевичтің айтуынша, ер адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

"Ол ауруханада, жағдайы тұрақты, бірақ дәрігерлер әзірге ешқандай болжам жасамай отыр. Ол өте әлсіз, үнемі ауырсынуды басатын дәрілер қабылдап жатыр. Қазір әйелі бірге палатада жатыр, оған көмектеседі. Палатаны жұмыс беруші төледі. Мұнара кранының иесі мен оның мердігерлері әлі ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Қылмыстық іс ашылды", - деді Юцевич тілшіге.

Туысының айтуынша, жәбірленушінің үш баласы бар. Олар отбасымен жалдамалы пәтерде тұрады.