Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Соңғы қоңырау» тойлана ма?

15.05.2023ж. 20:00
1201
«Соңғы қоңырау» тойлана ма?

«Оқушылар енді соңғы қоңырауды тойламайды». Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. «Біз үшін бұл күн неліктен аталып өтілмейді?» деген жастардың көкейіндегі сұрағына оқу-ағарту министрлігі жауап берді. Мерекені мектеп қабырғасында ұйымдастыруға министрлік қарсы емес. Дегенмен, «іс-шараның өту не өтпеуін мектеп басшылығы ата-аналармен келісіп шешеді» дейді вице-министр.

Шолпан ҚАРИНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі бар дәстүрлерін қолдайды.Дегенмен де, оқу-ағарту министрлігінің нормативтік құжаттарында осыған дейінгі жылдарда да, қазіргі уақытта да ешбір уақыттағы нормативтік құжаттарда мұндай шара көрсетілмегендігін жеткіземіз. Соңғы қоңыраулар өткізген жағдайда біздің оқу-ағарту 1 маусым күні Балаларды қорғау күніне орайластырып, сонын форматында өткізуді ұсынды.

Мектеп оқушылары үшін 31 мамыр - соңғы оқу күні. Барлық мектептерде бекітілген кесте бойынша сабақ өтеді, ауысым соңында әр сыныпта тәрбие сағаты болады.

Шолпан ҚАРИНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Мұғалімдер сынып сағаттарында оқу үшін жазғы уақытқа әдебиеттердің тізімін ұсынады. Қарауға ұсынылатын фильмдерді ұсына алады. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын айтады.