Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ірі қалаларда ақылы көлік тұрағы қаптады

15.05.2023ж. 20:00
694
Ірі қалаларда ақылы көлік тұрағы қаптады

Ірі қалаларда ақылы көлік тұрағы қаптады. Бастапқыда бұл жүйе көшедегі қозғалысты реттеу үшін енгізілген. Бірақ мәселе сонда да шешілмей тұр. Керісінше, халықтың наразылығын тудырды. Тіпті бұл нарықты бірнеше оператор монополияландырып алған. Алғашында адам көп баратын орындардың алдына ғана қойылса, кейін ұлтарақтай жер де ақылы бола бастады. Бүгін Мәжілісте депутат Самат Нұртаза осы мәселені көтеріп, Үкіметке сауал жолдады.

Самат НҰРТАЗА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тұрғындары тиісті кондоминиум рәсімдеп үлгермеген тұрғын алаптар мен тыныш аудандарда да ақылы тұрақтар пайда бола бастады. Жеке серіктестерге еш қаражат жұмсауды қажет етпейтін, жұмыс істеп тұрған автотұрақтар беріледі. Жеке серіктес төлем алу құрылғыларын орнатады. Кірістің 95 пайызы жеке серіктеске, ал 5 пайызы мемлекетке түседі.