$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Екібастұзда 32 жастағы жігітті тапа-тал түсте атып кетті

16.05.2023ж. 20:00
1121
Екібастұзда 32 жастағы жігітті тапа-тал түсте атып кетті

Екібастұзда 32 жастағы жігітті тапа-тал түсте атып кетті. Оқиға орталық көшелердің бірінде медициналық мекеме жанында болған. Қансырап жатқан адамды сол маңнан өтіп бара жатқан әйел көріп, жедел жәрдем шақырыпты.

Әлімжан ОСПАНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жедел жәрдем көлігімен іш қуысы, иық, мықым аймағына оқ жарақатымен науқас жеткізілді. Жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Және де ота жасалған. Қазір науқас жансақтау бөімшесінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты.

Бұл жағдайға қатысты полиция кісі өлтіруге оқталу және атыс қаруын қолдану бабымен қылмыстық іс қозғады. Жақын маңдағы бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр. Ал атысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Күдіктілердің бірі ұсталынып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Екінші күдікті бойынша орналасқан жерін анықтау және осы ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.