Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылжарда соңғы он жылдағы ең ірі есірткі партиясы тәркіленді

16.05.2023ж. 20:00
1237
Қызылжарда соңғы он жылдағы ең ірі есірткі партиясы тәркіленді

Қызылжарда соңғы он жылдағы ең ірі есірткі партиясы анықталды. Полицейлер жарты тоннаға жуық марихуана тәркіледі.

Тәртіп сақшылары жедел іс шара барысында Аққайың ауданында фольксваген көлігін тоқтатып, ішінен бес қап марихуана тапқан. Ізінше сала мамандары олардың гаражын тексеріп, заңсыз есірткі қоймасын әшкереледі. Күдіктілердің жасы 29 және 30-да. Біреуі бұрын есірткі саудасымен байланысты қылмысы үшін істі болған.

Руслан НАЗАРОВ, СҚО ПД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 464 кг құрады. Бұл облыста соңғы он жылда тәркіленген ең ірі есірткі партиясы болып табылады. Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 297 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тексерудің біріңғай тізіліміне енгізілді.