Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өскеменде көпқабатты үй тұрғындары жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетті пысықтады

AstanaTV
30.09.2016ж. 20:00
3435
Өскеменде көпқабатты үй тұрғындары жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетті пысықтады

Өскеменде көпқабатты үй тұрғындары жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетті пысықтады. Өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен құтқарушылар тұрғындармен бірлесіп төтенше жағдайдың салдарын жоюға кірісті. Кейбір тұрғындар тіпті жасанды бөренелердің астында қалып, өртке оранған жоғарғы қабаттан түсуге жаттықты.

Сценарийге сәйкес жер сілкінісі салдарынан көпқабатты үй жартылай қираған. Ондаған азамат жоғарғы қабатта қамалып, бірнеше адам лифттен шыға алмай қалады. Сондықтан құтқарушылар қызыл жалынмен күресіп, дәрігерлер жарақат алғандарға көмектесті. Тұрғындардың арасында бел шешкендері 16 метр биіктіктен қосымша саты арқылы түсуге келіскен.

Валентин Литвиненко, Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бөлімінің басшысы:

Кей кезде адамдар біздің әр секундпен санасатындығымызды түсінбейді. Жолды бөгеп, арнаулы техниканың өтуіне мүмкіндік бермейді. Бәлкім, сол сәтте бір адамды аман алып қалар ма едік. Төтенше жағдай кезінде тіпті басқаша болады. Ауыр көліктерді көрдіңіз ғой. Солармен жолдағы кедергіні ысырып тастаймыз. 

Мансұр ЕСҚОЖИН