Алматыда 40 жастағы ер адам көршісін екі жігіттің соққысынан қорғамақ болғанда, аяғынан пышақ жарақатын алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы полиция департаментінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, Жедел басқару орталығына Алматының Медеу ауданы Алатау ауылында 40 жастағы ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Тәртіп сақшылары анықтағандай, екі жігіт басқа бір жігітті ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алмақ болған. Қашып құтылған жас жігіт көмек сұрағанда, көршісі оны қорғамақ болған.
"Күйеуім шығып, біреуін ұстап алды. Ол пышақ жарақатын салып, қашып кетті", - дейді жәбірленушінің әйелі.
Жарақат алған ер адамның айтуынша, ол жігіттерді таниды, олар көрші үйлерде тұрады. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері зардап шеккен ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
Қазір аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталған.