Павлодарда отандық жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт өтіп, біраз ата-ана балаларын таба алмай қалды, деп жазады kaz.nur.kz.
Павлодардың орталық жағалауында қоғамдық тәртіпті полиция күзетті. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, концерт кезінде 16 бала жоғалып кеткен.
"Балалардың ата-аналары анықталып, өздеріне табысталды", - деді департаменттің баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, жағалауда түнгі сағат 23:00-ден кейін балалардың заңды өкілінсіз жүргені үшін ата-аналарғак 11 әкімшілік хаттама толтырылды. Еске салайық, Ertis Promenade сахнасындағы маусымның ашылуына 40 мыңға жуық адам жиналды. Концертте отандық эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Раим, Еркеш Хасен өнер көрсетті.