Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

БҚО-да жол апатынан 3 адам мерт болды

AstanaTV
22.05.2023ж. 10:48
594
БҚО-да жол апатынан 3 адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам мерт болды, арасында кәмелетке толмаған бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 20 мамырда сағат 23:05 шамасында Changan автокөлігін мінген 46 жастағы жүргізуші "Подстепное - Меловые горьки" тас жолының 5-шақырымында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, 25 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан жартылай тіркемесі бар Volvo көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 2011 және 1977 жылы туған екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында есін жимастан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабы бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді.