Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда 7 жасар қызды тұрғын үй ауласында қағып кетті

22.05.2023ж. 20:00
1132
Алматыда 7 жасар қызды тұрғын үй ауласында қағып кетті

Алматыда көлік жүргізушісі тұрғын үй ауласында баланы қағып кетті. Артынша рөлді басқара алмай, балалар ойнайтын аулаға шығып кетіп үйшіктерді соғып өткен.

Оқиға Алма Сити тұрғын үй кешенінде болды. 7 жасар мұнда анасымен қонақ болып келген көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, аулада қауіпсіздік қоршаулары жоқ. Көлік тұрағы ыңғайсыз. Ойын баласы үйден жүгіріп шығып келе жатқан мәшинені байқамаған, ал жоғары жылдамдықта келе жатқан көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей қалған көрінеді.

Назира БУИНЧАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ойнап жүрген барлық балалар, өзім прояшествие болған кезде ғана көрдім балконнан шығып, мәшине уже соғылысып жатыр, қыз жерде жатты. Скорыймен қызды алып кетті. Мына жерге енді қоршау керек, қанша бала ойнайды. Мәшине көп жүреді сосын қатты жүреді.

Эльвира ЖАҚАШБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Құдай сақтап авария болған күні біз үйде болған жоқпыз, келген кезде біз мүлдем айта алмаймыз қандай сезімде болғанымызды. Каждый подьездің алдына лежачий полицейский қойып берсін. Баланың аты бала ғой, осындай жағдайға алып келді. Мен үш қызымды қамап отырмын үйде осы үшін.

Наурызбай ауданының Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Көлік тізгіненде 2001 жылғы жүргізуші болған. 7 жасар қыз бас, иық және аяқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы тұрақты, амбулаториялық емдеуге жіберілген.