Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Бүгіннен бастап конструктор көліктерді заңдастыруға болады

22.05.2023ж. 20:00
761
Бүгіннен бастап конструктор көліктерді заңдастыруға болады

Бүгіннен бастап конструктор көліктерді заңдастыруға болады. Ол үшін әуелі онлайн өтінім беріп, оны электронды тіркеу керек. Кейіннен процессинг орталығының қызметкері көлік құжаттарының дұрыстығын тексереді және көлік «автоконструктор» критерийлеріне сәйкес келген жағдайда оны электронды мақұлдау парағына енгізеді. Содан кейін өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электронды мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өтеді. Осыдан кейін қарау пунктіне жіберіледі. Мұнан соң Халыққа қызмет көрсету орталығына барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және 200 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді. Заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады.