Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Салық түсімінен бұрын жас ұрпақтың денсаулығы маңызды", - депутат

23.05.2023ж. 20:00
744
"Салық түсімінен бұрын жас ұрпақтың денсаулығы маңызды", - депутат

"Салыққа пайдасы бар екен деп жасөспірімдердің денсаулығына зиянды заттарды саудалай беруге болмайды. Электронды темекі мен вейптен бас тарту керек". "AMANAT" партиясы жанындағы жастарды қолдау кеңесінің алғашқы отырысында депутаттар осындай бастама көтерді. Кодексіне сәйкес, елімізде темекі бұйымдарын 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға заңмен тыйым салынған. Соған қарамастан, жастар мен жасөспірімдер арасында вейпке, электронды шылымға деген сұраныс күн санап артып барады. 300 мың отандасымыз тыныс алу органдарының аурулары бойынша есепте тұр. Басқосуға қатысушылар оның зардабын әлі түсінбей жатқандардың барын жасырмады. Электронды темекіні жасөспірімдерге саудалаған және тұтынғандарға қатаң шара қолданбау тосқауыл болмайды деп отыр. Тіпті 19 мыңға жуық ата-ана қол қойып, петиция жариялаған. Бірақ нәтиже болар емес.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз вейп туралы шешімдерге келетін боламыз. Өйткені арнайы құзырлы органдарға ұсыныстарымызды жібереміз. Және заңдық өзгеріс керек пе ол туралы ақылдасамыз. Ең бастысы арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей баршаға ортақ шешім қабылдауымыз керек. Бірақ ең басты орында біздің бала шағамыздың, отбасымыздың, ертеңгі ұрпағымыздың қазіргі Қазақстан халқының денсаулығы өмірі тұруы керек.