ҰБТ-ның аралық нәтижелері бойынша ШҚО мен Алматының талапкерлері 133 балл жинады, деп хабарлайды.
Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, ҰБТ-ның алғашқы 5 күнінде Шығыс-Қазақстан және Алматы қалысының екі талапкері ең жоғары нәтиже көрсетті. Олар тестілеуде жалпы 140 балдың 133-ін жинады.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы бері 20 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті. Екі үміткер максималды 140 балдың 133-сін жинады», - деп атты ҰТО мамандары.
Айта кетерлігі, бас емтихан 18 мамырда басталды және 5 шілдеге дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетсек, тестілеу форматында өзгерістер жоқ. Пәндер саны өзгеріссіз қалады, яғни үш міндетті және екі бейіндік пәндер, барлығы 120 тест тапсырмасы. Оның ішінде, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).