Теміртау қаласында 53 жастағы ер адам кәмелетке толмаған өгей қыздарына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы жазасын төтенше қауіпсіздіктегі абақтыда өтейді. Бұған дейін педофил өзінің қылмысының ауырлығын сезіп қорғаушысы арқылы жәбірленушілерге ақша бермек болған. Бұл видеода полиция оның қорғаушысын ақшамен ұстап жатыр. Алайда балалардың анасы мен прокурор азғынды қатаң жазалауды сұрады. Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушы 14 және 11 жастағы екі бірдей өгей қызын қорқытып, сексуалдық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап келген. Қорлыққа шыдамаған қыздар бірнеше айдан соң аналарына шағымданады. Айуандық әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғалып, 1 жарым жыл бойы қаралды. Іс барысында педофилдің бұрын да сотталғаны анықталды.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Сотталушы Теміртау қаласында өз пәтерінің қонақ бөлмесінде 2009, 2012 жылы туған өгей кыздарына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленушілердің жастарын анық біле тұра, дәрменсіз, қарсылық көрсете алмайтындарын ұғына тұра әрекет бірнеше рет қайталанған. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптама қортындыларымен дәлелденді. Ол кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне карсы қылмыс жасағандықтан ешқашан мерзімінен бұрын босатылмайды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.