$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында «Таза мекен» экологиялық акциясы өтті

Атырау облысында «Таза мекен» экологиялық акциясы өтті

Атырау облысының Құрманғазы ауданында қоршаған ортаны қорғау мен туристік аймақтарды тазарту мақсатында «Таза мекен» экологиялық акциясы өтті. Тазалық шарасы аясында  қатысушылар Қиғаш өзенінің жағалауы мен демалыс орындарын тұрмыстық қалдықтардан  тазалап, аумақтарды ретке келтірді. Сонымен қатар «Волонтерлік негіздері. Эковолонтерлік» тақырыбында арнайы таныстырылым болып,  эковолонтердің  қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндірді.  Айта кетейік, Теңіз ауылы - өңірдегі маңызды туристік бағыттардың бірі. Әсіресе, шілде-тамыз айларында гүлдейтін лотос алқаптары көптеген туристің қызығушылығын тудырады.

АРУЖАН АЙТЖАНОВА, ВОЛОНТЕР:

«Таза мекен» акциясы аясында ауданның белсенді жастары мен еріктілері Теңіз ауылдық округіндегі тазалық жұмыстарына жұмылдырылды. Олар табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартуға атсалысып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.