Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының оқу-жаттығулары өтіп жатыр

AstanaTV
04.10.2016ж. 20:00
2261
Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының оқу-жаттығулары өтіп жатыр

Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында лаңкестікке қарсы «Рубеж-2016» әскери жаттығулары басталды. Оған Қазақстан, Қырғыстан мен Ресейдің мыңға тарта әскерилері қатысып жатыр. Тактикалық жаттығулар Ыстықкөл облысына қарасты «Эдельвейс» полигонында қазанның 7-не дейін жалғасады. Бұл туралы Интерфакс хабарлады. Әскерилер қақтығыстардың алдын алып, халықаралық лаңкестікке қарсы күрес шараларын пысықтамақ.

Айта өтейік, бүгінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттері мүше болып табылады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА