$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Анасы білген, бірақ үндемеген": Алматы облысында ер адам екі қызын зорлады деген күдікке ілінді

AstanaTV
28.05.2023ж. 15:04
1931
"Анасы білген, бірақ үндемеген": Алматы облысында ер адам екі қызын зорлады деген күдікке ілінді

Алматы облысында ер адам екі қызын 11 жасынан бастап зорлап келгені туралы ақпарат шықты. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы angry_taldyk паблигінде жарияланды. Журналист Сандуғаш Дүйсенова оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында болғанын жазды. Оны оқырмандардың бірі хабарлаған.

"Әкесі алдымен үлкен қызын зорлаған, сосын кішісін! Осы жылдар бойы олармен жыныстық қатынасқа түскен", - делінген жазбада.

Паблик мәліметінше, балалардың анасы бұл туралы білген, бірақ үндемеген. Ал ер адам болса екі әйел алған және екеуі де балаларымен бір үйде тұратыны айтылған.

"Қыздар бой жеткенше, осы уақыт бойы шыдап келген. Кейін ақша жинап, танысыма қашып келген. Біз Талдықорған полициясына арыз жаздық", - делінген жазбада.

Автор мәліметінше, зорлау дерегіне дәлел де бар. Қыздар оқиға барысын аудиожазбаға түсіріп алған көрінеді. Онда бәрі естілетіні айтылды.

Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл факт аудандық полицияға тіркелген.

"Қазіргі уақытта 57 жастағы күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Істі дұрыс шешу үшін мән-жайды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіледі", - делінген хабарламада.

ПД мәліметінше, бұған дейін бұл дерек бойынша ешкім полицияға хабарласпаған. Тергеу барысы облыстық ведомство басшысының ерекше бақылауына алынған. Толық ақпарат мүмкіндігінше тезірек берілетіні айтылды.