Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

76-шы Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
28.05.2023ж. 15:58
986
76-шы Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Франция 76-Канн кинофестивалінің жеңімпаздарын жариялады. "Алтын пальма бұтағы" мен фестивальдің Гран-при жүлдесін Франция мен Ұлыбританияның режиссерлері алды,-деп хабарлайды Massaget.kz.

"Алтын пальма бұтағы" француз режиссері Жюстин Триеге "Құлаудың траекториясы" (фр. Anatomie d'une chute) триллері үшін берілді. Фильм күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген неміс жазушысы және ерлі-зайыптылардың соқыр ұлы іс бойынша жалғыз куәгер екендігі туралы баяндайды.

Трие Каннға 2019 жылы да қатысқан. Оның "Азғыру" фильмі бас сыйлыққа ұсынылған болатын. Бірақ сол жылы кинофестиваль жүлдесі оңтүстік кореялық режиссер По Джун Хоның "Паразиттер" фильміне берілген еді.

Фестивальдің Гран-при жүлдесі британдық режиссер Джонатан Глейзерге "Қызығушылық аймағы" драмасы үшін берілді. Бұл фильм британдық жазушы Мартин Амистің Освенцим концлагері комендантының өз лауазымынан жеке басына пайдаланатыны туралы романының негізінде түсірілген.

Француз режиссері Чан Ан Хунг Канндағы ең үздік режиссер атанды.

Нури Билге Джейланның "Құрғақ шөп туралы" фильмінде басты рөлді сомдаған түрік актрисасы Мерве Диздар "Үздік әйел рөлі" жүлдесін жеңіп алды.

Үздік сценарий үшін сыйлық "Монстр" драмасын жасауға қатысқан жапон драматургі Юдзи Сакамотоға бұйырды.(

Қазылар алқасының жеке жүлдесі фин режиссері Аки Каурисмякиге "Түскен жапырақтар" ( (Kuolleet lehdet) фильмі үшін табыс етілсе, вьетнамдық режиссер Фам Тхиен Ан түсірген "Сары кокон ішінде"  (L'arbre aux papillons d'or) туындысы үздік дебют деп танылды.

Жапондық Коджи Якусе әйгілі неміс режиссерлерінің бірі Вим Вендерстің жаңа фильмі - "Әдемі күндер" фильміндегі рөлі үшін Канндағы "Үздік ер адам рөлі" жүлдесін жеңіп алды. Токиода орын алған фильм әртүрлі жағдайларға қарамастан өз өміріне қанағаттанған Хираяма есімді дәретхана жуушы (Ролында Кодзи Якусе) туралы баяндайды.