Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Аш болған ғой". Желіде адамдарға шабуылдаған аюдың видеосы тарады

AstanaTV
28.05.2023ж. 16:46
750
"Аш болған ғой". Желіде адамдарға шабуылдаған аюдың видеосы тарады

Желіде фермаға шабуыл жасаған аюдың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларға қарағанда тауда жеке тұрған фермаға аю шабыл жасаған. Оны ұстауға арнайы құзырлы орган қызметкерлері барған көрінеді. Аю фермадағы малға шапқан болса керек, ірі қара малдың біреуі жырқыштың құрбаны болған, оны видеодан да байқауға болады.

Көпшілік оқиға Қытай не Моңғолияда болуы мүмкін деп болжаған. Оны қызметкерлердің сөзінен да байқауға болады. Тағы бір кадрлардан аюдың адамдарды қуып, үйдің төбесіне шығып алғаны көрінеді. Сол жерден құлап түседі. 

Видеоға пікір қалдырғандардың көбі оқиға Қазақстанда болған деп ойлап қалған. Олар аю аш болған шығар деп болжап, алаңдаушылық білдірген.

"Мен Қазақстан деп ойлап қалдым", "Жылқыны талап тастаған ба, обал", "Аю аман қалды ма екен", "Аш болған сияқты, бір малды талап тастапты", "Аю аш болған ғой, сондықтан адамдарға келген", - дейді желі қолданушылар.