Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Еуразиядағы ынтымақтастық экономикалық бағыт бойынша дамуы тиіс", - Тоқаев

29.05.2023ж. 20:00
762
"Еуразиядағы ынтымақтастық экономикалық бағыт бойынша дамуы тиіс", - Тоқаев

Еуразиядағы ынтымақтастық - экономикалық бағыт бойынша дамуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент "Еуразиялық экономикалық одақ аясында, сауда-саттық кедергісіз жүргізілуі керек",- дейді. Ол одақ қызметінің басым бағыттары жөнінде пікірін білдірді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз бірыңғай тауар нарығын құруға бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Қазақстандық жүк тасымалдаушылар тауарды Ресей нарығына да, үшінші мемлекеттердің нарықтарына да кедергісіз және тиімді жеткізу үшін Ресей аумағындағы ішкі теміржол тарифтері қол жетімді болуға тиіс. Тағы да қайталап айтамын: ЕАЭО, ең алдымен, экономикалық интеграциямен, содан кейін басқа мәселелермен айналысуы керек.

Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтық мемлекетке қосылуды ұсынды. Мемлекет басшысы бұған қатысты да өз ойын айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Менің ойымша, бұған ешбір қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз.