Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Сенат төрағасының орынбасары инвестициялық келісімшарттарды сынға алды

29.05.2023ж. 20:00
548
Сенат төрағасының орынбасары инвестициялық келісімшарттарды сынға алды

Елімізде бекітілген инвестициялық келісімшарттар шаш етектен. Алайда экономикамыз әлі күнге дейін импортқа тәуелді. Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Үкімет сағатында осылай деді. Ол экспорт бағыты кенжелеп қалған деп отыр. Айтуынша, Қазақстан ең маңызды құрылыс материалдарының импортына 90 пайызға тәуелді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың 56% процентін сырттан әкелуге мәжбүр екенін айтты.

Ольга ПЕРЕПЕЧИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеке инвестицияны мемлекеттік инвестициямен нақты алмастыру болғаны байқалып отыр. Осы саладағы жағдай өнеркәсіпке жеке инвестицияларды тарту деңгейінің төмендігін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың экспорт бойынша бағдарының нашар екенін көрсетіп отыр.