Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Елімізде әуежайлар маңында 1200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген», - министр

30.05.2023ж. 20:00
575
«Елімізде әуежайлар маңында 1200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген», - министр

Елімізде әуежайлар маңында 1 200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты. Оның сөзінше, бүгінде әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам нысан салынған. Заңсыз құрылыс негізінен Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүргізілген. Премьер-министр бұл учаскелерді қайтаруды тапсырды. Үкімет отырысында азаматтық авиация саласындағы тағы қандай мәселелер қозғалды? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.

Азаматтық авиациядағы күрмеуі қиын мәселелер шаш етектен. Соның бірі авиаотын тапшылығы. Бұл өз кезегінде отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін шектеп отыр. Сондықтан да тұрақсыз жағдайға байланысты әуекомпаниялар жаңа халықаралық рейстерді ашу қажеттілігін қанағаттандыра алмай отыр деді министр.

Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты авиаотынға деген қажеттілікті өтемейді. Осыған байланысты отынды Ресей Федерациясынан импорттауға тура келеді. Бұл мәселені жүйелі шешу үшін авиаотын өндірісінің жыл сайынғы көлемін ұлғайту қажет. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықты және импортқа тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейі 82 пайызды құрайды. Бұл - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қазақстан Дания мен Польша сияқты Еуропалық одақ елдерімен бір деңгейде тұр. Алайда әуежай маңында заңсыз салынған ғимараттар, ұшу қауіпсіздігіне зиян келтіреді деді премьер министр.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Әуежайлардың айналасындағы жерлер тұрғын үй құрылысына немесе бизнес нысандарына беріліп, ретсіз пайдаланылуда. Яғни, халықаралық стандарттар сақталмайды. Бұл ұшу қауіпсіздігіне әсер етеді. Әкімдіктермен бірлесіп, әуежайлардың маңындағы заңсыз берілген жер учаскелерін алып қою жұмыстарын жүргізу керек.

Сондай-ақ, премьер-министр еліміздің кейбір әуежайларында ұшу-қону жолақтарына жөндеу жүргізу керек. Сондай-ақ, траптар мен жанармай құю машиналары сияқты арнайы техникалардың көбі ескірген деді. Сонымен қатар кадр тапшылығына байланысты мәселені де, жауапты ведмоствамен бірлесіп шешуді тапсырды.