Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Жолаушылардың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс», - Үкімет басшысы

30.05.2023ж. 20:00
529
«Жолаушылардың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс», - Үкімет басшысы

Әуе билетінің бағасы да аспан тұр. Оның үстіне рейстер кешіктіріледі. Діттіген жеріңе уақытылы бара алмайсың. Жолаушылармен санасып жатқан ешкім жоқ. Бағаға қатысты халықтың базынасын әріптесім Мөлдір Жақан тыңдады.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Алыс жерге әп сәтте апаратын ұшақ бағасы бәріне бірдей қолжетімді емес. Мәселен, Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу құны Еуропа, АҚШ немесе Қытай елдеріндегі осындай маршруттармен салыстырғанда 2 есе қымбат болуы мүмкін. Әуе билеттерінің бағасы жолаушылардың қалтасын қағып тұр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Билет бағасы қымбаттау негізі. Билетті 38 мыңға алдым онлайн. Жалақысы төмен жастарға, көпбалалы отбасыларға қымбаттау. Арзан болса жақсы болар еді.

- Өте қымбат билеттер. Жиі ұшқан соң, билеттерді бір ай бұрын аламыз, екі ай бұрын аламыз. Кешіктірулер болады анда-санда. Флай Арыстан лоукостерда тамақты да өзін сатып аласың. Бірақ бағасы Эйр Астанамен бірдей. Лоукостер деген аты ғана.

- Жас студенттерге енді қиын. Ұшақпен жүргісі келеді. Соларға тиімді болса, жақсы болады деп ойлаймын.

Інжумаржан Аманбай – 3 курс студенті. «Алматыдан Ақтаудағы үйіне қатынау мұңға айналды» дейді ол. Пойызбен ұзақ болған соң, ұшақпен қатынауға тура келеді. Билет бағасы қалтаға ауыр тиеді.

Інжумаржан АМАНБАЙ, СТУДЕНТ:

Екі арада ұшып жүргеннен кейін, билет прям слишком қымбат. Туда-обратноның өзі примерно 120.000-ға шығады. Қолжетімді болса, бәріне жақсы ғой. Стипендияны көтерген сайын, барлық зат қымбаттады. Квартира да, билеттің де бағасы қымбаттап жатыр. Енді білмеймін қаншаға дейін баратынын.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, авиакомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды. Бүгінде жанармай шығындарын өтеуге жұмсалатын отын алымы логика бойынша авиаотын бағасының өзгеруіне байланысты болуы тиіс. Алайда ол билет бағасында өзгеріссіз, бір деңгейде қалып отыр.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Отандық авиакомпанияларға қатысты жолаушылар тарапынан орынды сын-ескертулер айтылуда. Мәселен, рейстердің кешігуі немесе мүлдем орындалмай қалуына байланысты шағымдар көп. Әуекомпаниялардың жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Лайықты сервис ұсынылмайды. Осыдан барып, баға саясатында да көптеген сұрақтар туындайды.

Эйр Астана авиакомпаниясының Президенті Питер Фостер әуе билеттерінің бағалары, әдетте, нарықпен анықталатынын жеткізді. Сонымен қатар, «тарифтер сұранысқа да байланысты»,- дейді.

Питер ФОСТЕР, «AIR ASTANA» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Билеттің әркезде әр түрлі бағада сатылуы орынды. Бұл тәсілді тек Қазақстан емес, бүкіл әлем қолданады. Мысалы, Флай арыстан билетке сұраныс аз кезде қаржысын жоғалтады. Сол шығыстың орнын толтыру үшін, сәйкесінше, сұраныс көп кезде баға өседі.

Ал экономистер мұны, ең алдымен, жанармай бағасының қымбаттауымен байланыстырады. Сондай-ақ, нарықтағы бәсекелестіктің төмендігін атап өтті.

Мұрат ҚАСТАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Ең бастысы, ол – әуе жанармайының бағасы. Өкінішке орай, Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері жаңа мұнай өндейтін зауыттар салынған жоқ. Қазақстан өзіне қажетті әуе киросинінің керекті көлемін өндіріп жатқан жоқ. Ең құр қалғанда осы факторды алып тастағанда, яғни, Қазақстан өзін-өзі әуе жанармаймен қамтамасыз ете алғанда онд әуе билеттерінің бағасы да бірқалыпты болар еді.

Үкімет басшысы баға саясатын қайта қарап, авиатасымал сервисі мен қызмет көрсету сапасын жақсартуды тапсырды.