Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Тиісті даярлығы жоқ адамдар мектептерді күзетуге тартылып жатыр», - вице-министр

30.05.2023ж. 20:00
545
«Тиісті даярлығы жоқ адамдар мектептерді күзетуге тартылып жатыр», - вице-министр

Балалар қауіпсіздігіне қатысты білім беру ұйымдарында бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі күшейтілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді. Мәселен, елімізде 10 мыңнан аса білім беру нысанында мониторинг жұмыстары жүргізілген. Бейнебақылау камераларының техникалық талаптарға сәйкес келмеуі, лицензияланған күзеттің қамтамасыз етілмеуі секілді бірқатар кемшіліктер анықталған.

Еділ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Күзет агенттіктері тиісті даярлығы жоқ адамдарды білім беру ұйымдарын күзетуге тартып жатады. Төртіншіден, кейбір жағдайда дабыл түймелері мен бейнекамераларды ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосуға мүмкіндік болмайды, себебі интернет жылдамдығы тым нашар.

Министрлік көтерген бұл мәселе тұрғындарды да алаңдатып отыр. Себебі, білім ордаларындағы қауіпсіздікті күшейту керек дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қазақстандағы мектебімізде қауіпсіздік жағы өте төмен. Оны төмен дейтін себебім балаларды уақытылы қарай алмайды. Соның ішінде төбелес болады, әлімжеттік болады.

- Мектептің ауласын шығып кетпейтіндей жақсылап қауіпсіздік болса сонда біз балаларымыздың қайда жүргенін біліп. Уайымдамаймыз.

- Мен балаларыма түсіндіріп айтамын. Басқа кісімен бармайсың ешқайда. Разрешение сұрайсың. Сосын бізде пароль бар арамызда. Басқа бөтен адам кеп сұраса жүр барамыз десе менің паролімді сұрайды. Егер, сол парольді айтатын болса ғана барады.