Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылжарда электрокарлар шығарылмақ

30.05.2023ж. 20:00
483
Қызылжарда электрокарлар шығарылмақ

Қызылжарда электрокарлар шығарылмақ. Бүгін аймаққа қытайлық инвесторлар келіп, жергілікті зауыттардың қауқарымен танысты. Аспан асты елінің компаниялары теріскейде бюджеттік электр көліктерінің құрылысын қолға алмақ. Темір тұлпарлардың аккумуляторы бақандай 500 шақырымға шақталса керек. Қытайлық тарап Қызылжардың екі зауытында өндіріс ашуды көздеп отыр. Біреуі көліктің электроникасымен айналысса, екіншісі темір жинау жағын қамтымақ. Жергілікті кәсіпорын өкілдері дайын көлікті құрастырмай, күрделі өндіріспен айналысамыз деп сендіріп отыр. Демек, электрокардың басым бөлшектері осында жасалмақ.

Цзянь ШАНЬ, ҚЫТАЙЛЫҚ ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ ШЫҒАРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Қазір біз жергілікті зауыттардың мүмкіндігін саралап жатырмыз. Осы жылдың шілде айынан бастап Қытайдан қондырғыларды жеткізе бастаймыз. Ал келесі жылы жергілікті электрокар зауыты өзінің толық қуаттылығына көшеді.

Арман ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ, АУЫР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз отандық өндіріс үлесін 43 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, көліктің қозғалтқышы сияқты күрделі бөлшектер Қытайдан келеді. Ал аккумулятор, темір бұйымдар және тағы басқа бөлшектерді біз өзіміз шығаруға дайынбыз.