$510.58 €571.8 ₽6.34
×

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бақылау жүргізіледі

AstanaTV
05.10.2016ж. 20:00
2233
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бақылау жүргізіледі

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің өзара әрекеттесуін қалыптастыру.  Бұл денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-19 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қолға алынған шара. Парламент мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Зәуреш Аманжолованың төрағалығымен өткен комиссияның отырысында осы мәселе қаралды. Депутат аталған бағытта қолға алынған шаралардың соңына дейін атқарылатынын айтты.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жыл соңына дейін алға қойған мақсаттарымызды бөліп алдық. Келесі отырыста жұмыстардың қорытындысы болады деп сенемін. Комиссияның кеңейтілген отырысында қаралмаған, бірақ тиісті жоспарда көрсетілген мәселелер бойынша кіші комиссиялардың отырыстарында қаралатын болады.

Қоғамдық денсаулық жүйесін дамыту «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында негізгі басымдыққа ие. Бағытты дамыту үшін халықаралық тәжірибе ескерілуде. Азаматтарды толғандырған мәселелердің үлес салмағы да есепке алынды. Өтінімдердің 36 пайызы медициналық қызметке қол жетімділік, 25 пайызы клиникалар мен сауықтыру орындарына жолдама алу болса, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету  бойынша 16 пайызды құрайды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Тек өзіміз ғана емес, халықаралық ұйымдармен, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әріптестермен бірге жұмыс істеп жатырмыз.