Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға бірқатар тапсырма берді

01.06.2023ж. 20:00
810
Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады. Кездесу барысында бала денсаулығы, оның әлеуметтік тұрғыда қорғалу мәселелерІ талқыланды. Бүлдіршіндерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты да сөз қозғалды. Қасым-Жомарт Тоқаев балдырғандарды қорғауға қатысты барлық ұсыныс пен бастаманы жүзеге асырмас бұрын мұқият зерттеу қажет екенін айтты. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жергілікті жердегі жұмысын жандандыру керектігіне назар айдарып, оған бірқатар тапсырма берді.

ПРЕЗИДЕНТ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР:

- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту;

- Балаларға қатыгездік жасау фактілеріне дер кезінде мән беру;

- Буллингке қарсы күресу;

- Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке итермелейтін әрекеттердің алдын алу;

- Арнайы білім алуға мұқтаж балаларды қолдау;

- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аудару;