Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады

01.06.2023ж. 20:00
754
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!», - деп жазды ол твиттердегі парақшасында. Айта кетейік, Халықаралық балалар күні - ең көне мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешім 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған.