Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мәжіліс төрағасы мектеп бітіруші түлектерді құттықтады

01.06.2023ж. 20:00
969
Мәжіліс төрағасы мектеп бітіруші түлектерді құттықтады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл елімізде 400 жаңа мектеп салынады. Соның бірі Ақмола облысы Қабанбай батыр ауылында бой көтереді. Елді мекен тұрғындарына сүйінші жаңалықты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жеткізді. Ол мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты. Мәжіліс спикері оқушыларға мемлекет тарапынан барлық қамқорлық көрсетіліп жатқанын айтты. Түлектерге жігер беріп, тек қана алға ұмтылуға шақырды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі күнде сіздерге мемлекет тарапынан барлық қамқорлық жасалып жатыр. Барлық мүкіндіктер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан бойынша 400 жайлы мектеп салынбақшы.Сондай ұлттық жоба қазір қолға алынды. Сол 400 мектептің бірі осы Қабанбай ауылына салынатын болады. Бір-екі жылдан кейін жаңа жайлы мектепте, ең жоғарғы стандарттара сай мектепте білімдеріңізді жалғастыратын боласыздар.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өңірдің ірі шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесіп, саланы дамытудың жолдарын талқылады.