Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Боччадан Қазақстан чемпионаты өтуде

01.06.2023ж. 20:00
841
Боччадан Қазақстан чемпионаты өтуде

Елордада Боччадан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған 15 жастан асқан аймақтардан келген 50-ге жуық ерекше спортшы қатысты. Бұл паралимпиадалық спорт жастарды жігерлендіреді. Шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. Чемпионат қорытындысында үздік атанғандар ұлттық құрама сапына алынады.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі іс-шара елімізде инклюзивті кедергісіз ортаны қалыптастыруға өзінің үлкен үлесін қосады деп сенеміз. Қазақстанда біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, ерекше сұранысы бар балаларды қорғау үшін, қолдау үшін көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде білім беру, сапалы медициналық қызметтерді қамтамасыз ету сондай-ақ спортпен айналысуға да біраз мүмкіндіктер жасалуда.