Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Реал» аңызға айналған ойыншысынан айырылуы мүмкін

AstanaTV
01.06.2023ж. 18:30
716
«Реал» аңызға айналған ойыншысынан айырылуы мүмкін

Сауд Арабиясында әлемдік футбол жұлдыздарын сатып алу жалғасуда. Бұған дейін Реалдың шабуылшысы Карим Бензема Таяу Шығысқа көшуі мүмкін екені белгілі болды.

Бұл жолы БАҚ француз ойыншысынан кейін аңызға айналған мадридтік ойыншы және «Алтын доп» иегері Лука Модричке ұсыныс түскенін анықтады.

OK Diario мәліметтері бойынша, Хорватия құрамасының 37 жастағы жартылай қорғаушысы командаласымен бірге араб еліне кетуі мүмкін.

Футболшыға үш жылға 120 миллион еуро көлемінде ұсыныс алып, бірнеше апта ойланғаннан кейін оны қабылдады делінген. Бұл туралы ол басшылыққа хабарлап үлгерген.

Бұған дейін Сауд Арабиясының клубтары Модричпен бірнеше рет қол қоюға тырысқан, бірақ бұрын ойыншы әрқашан бас тартумен жауап берген.

Оның «Реалмен» келісімі осы жылдың 30 маусымында аяқталады.