Қостанай облысында өзеннен әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz
Оқиға Бейімбет Майлин атындағы ауданда болған. Бұл туралы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.
28 мамырда сағат 20:20-да Тобыл өзеніндегі Валерьяновка ауылының маңынан әйел өлі табылды.
"Куәгерлердің күшімен 1963 жылы туған әйелдің денесі судан шығарылды", - делінген Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.