$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тамара Асар: Қазақтың қызы сыңсу айтпаған

AstanaTV
02.06.2023ж. 13:53
1633
Тамара Асар: Қазақтың қызы сыңсу айтпаған

Отандық әнші Тамара Асар қазақ қызының сыңсу айтпағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тілші әншіден "Естуімше, Ақтау өңірінде алғаш болып қыз ұзатуды бастаған өзіңіз екенсіз", - деп сұрады. Ал Тамара Асар қазақта еріксіз кеткен қыздың ғана сыңсу айтқанын атап өтті.

"Иә, Ақтауда қыз ұзататынмын. Бастығымның айтуы бойынша, біз бірінші рет қыз бен жігітті бөлдік сол күні. Тойдың иесі "Мен қызым мен күйеу баламды бөліп жіберемін" деп ренжіді. Қазақтың салт-дәстүрінде қыз бөлек отырады, жігіт бөлек келеді деймін. Бірінші рет осылай жасағанда бәрі таңғалды. Оның режиссері менің бастығым болды. Қазақтың қызы сыңсу айтпаған. Қазақтың малға, шалға кетіп бара жатқан қызы ғана сыңсу айтқан. Сыңсуды еріксіз кетіп бара жатқан адам айтқан. Ал мен "Ата-ананың өсиет әні" деген әнді жаздым. Әуенін халықтан алдым. Барлығы - халықтыкі. Халықтыкін жөндеп, өзіне қайта береміз. Сыңсу - еріксіз кеткен қыздың зары, жоқтауы сияқты", - деді Тамара Асар.