Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қалта телефоны адам санынан екі есе асып түседі

02.06.2023ж. 20:00
880
Қалта телефоны адам санынан екі есе асып түседі

Қалта телефоны адам санынан екі есе көп. Әлемде жылына 1,5 млрд смартфон сатылады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 18 миллиардқа жетуі мүмкін. Мамандар мұнын соңы жақсылыққа әкелмейді дейді. Сонда халықты не күтіп тұр? Технология әлеміндегі дүмпу туралы Аружан Задабек айтады.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Қала ішінде екі аттам қадам жасасаң осындай телефон сататын дүңгіршектерді жиі кездестіресің. Мұның өзі қазір халықтың ұялы телефонға деген сұранысы жоғары екенін көрсетеді. Дәл қазір біз осындай орталыққа келіп тұрмыз.

Қазір не көп, телефон көп. Шертіп жүріп, көңіліңе жаққанын таңдайсың. Бір ғана кәсіпкер күніне, шамамен, 20-30 смартфон сатады.

Дастан БАЗАРБАЕВ, КӘСІПКЕР:

Бізде бір клиент бар. Мысалыға, телефонның жақсы моделі шығатын болса, соны алып отырады. Постоянный клиент ол бізде. Телефон қалай шығады, сразу бізге келеді де сатып алады.

Дүкеннің ішіне кіре сала түрлі телефондарды көріп басымыз айналды. «Тілегенің алдынан іздемей-ақ табылды» деген осы болар деп, өзіме су жаңа смартфон таңдадым.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Негізі мен үшінде телефонымның соңғы үлгіде болуы маңызды. Осы сәтті пайдаланып мен де жаңа телефон қарап жатырмын. Маған қандай телефон ұсынасыз?

Соңғы үлгідегі телефонға қызығатын мен ғана емес. Жастардың көбі байланыс құралын жыл сайын жаңартуды үрдіске айналдырған. Десе де, смартфонды жиі ауыстыру еріккеннің ермегі дейтіндер де жоқ емес.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Жаңа телефон шыққан сайын ауыстырғанды жөн көремін.

- Пенсияға шығады жақында. Ақша болса шығады. Ақша болмаса шықпайды ғой пенсияға.

- Анаммен хабарласып отырсам болды. Туысқандарыммен видеозвонокпен сөйлессем болды.

- Әке-шешесі бір жерде пол жуады, бір жерде біреудің затын сатады. Бірақ баласы 14 ұстағысы келеді. Ертең 15 шығады, 14 ұстағысы келмей қалады уже.

«Телефон адам санынан да көп» деп дабыл қағуымыздың өз себебі бар. Қоғамда смартфон көбейген сайын, одан төнетін қауіп те артып жатыр.

Алия НИ, ЛОГОПЕД:

Телефон көбейген сайын коғамда өмір сүру қиындайды. Ашушаңдық белең алады. Үлкені де, кішісі де осы смартфондардың кесірінен дұрыс сөйлесуді ұмытып бара жатыр. Баланың тілі кеш шығады, сөйлемейді деп ренжиміз. Мұнын бәріне осы құрал кінәлі.

Қазір әлемде телефон қалдықтарының көлемі шамадан тыс асып кеткен дейді нидерландтық мамандар. Бұл да, өз кезегінде, қоршаған орта мен адам денсаулығына қатер төндіреді.

Жанель ІЛИЯС, ДӘРІГЕР:

Адам денсаулығына телефоннан бөлек, оның қалдықтарынан бөлінетін зиян көп. Қатерлі ісік, есінен адасу, сүйектердің сырқырап, қақсауына осы фактор әсер етеді. Байқасаңыз, қазір әр үйде ескі, қоланылмайтын телефон жасатады. Оның ешқандай зардабы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұл қауіпті.

Телефонның қаупін біле тұра, одан бас тарта алмайтынымыз анық. Оған смартфон, гаджет, планшеттерге сұраныстың көптігі дәлел. Әрине, ғылыми-техникалық дамуды тоқтата алмаймыз. Сондықтан әр адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамай, жауапты болса дейді мамандар.