Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Өмір үшін күрес: Алматыда 3127 шала туылған шақалақтар дүниеге келді

02.06.2023ж. 20:00
1509
Өмір үшін күрес: Алматыда 3127 шала туылған шақалақтар дүниеге келді

Жыл сайын әлемде 15 миллиондай нәресте мерзімінен ерте туылады. Олардың ішінде түрлі ауру мен инфекцияларға байланысты миллионға жуық шақалақ шетінеп кетеді. Ал елімізде бұл көрсеткіш 22 мыңға жетіп тұр. Бірінші демінен бастап өмір үшін күресетін шақалақтар мен аналары жайлы әріптесім бейнематериал әзірледі.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Қазір біз қалалық нөмірі 2-і перзентхананың нәрестелер потологиясы бөліміндеміз. Міне бұл кішкентай бөлмеде өмірмен күресіп жатқан шақалақтар жатыр. Шырылдап жылағанда сай-сүйегіңді шымырлатады. Ал аналары көрші бөлмеде перзентінің кішкене болса да салмақ қосуын тілеп, күні-түні алаңдаумен отыр.

Алматы қаласының тұрғыны Айнұр 3 баланың анасы. Кенжесін жүктіліктің 29

аптасында, шұғыл түрде кесарь тілігі арқылы босанған. Сәбидің жағдайы өте ауыр болып дүние есігін ашқан бетте анасының құшағына емес жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Айнұр АЛТЫНБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен көрген жоқпын баланы бірден алып кетті реанимацияға. Жаман сезімде болдым әрине. Жылап жүрдім ғой реанимацияға келіп жылап, қызымның жағдайы ауыр деді. Анализдері дұрыс емес деді. Инфекциясы бар деді. “Жинал енді, өз-өзіңді қолға ал, қызыңа керексің, қызыңды бірге шығарамыз әлі” - дер көңілімді көтеріп қойды. Содан бірден жиналдым. 1240 болып туылғанбыз қазір 1560 грамға жетіп жатырмыз. Күнде сол 30-40 грамнан қосылады.

Гүлнара Күренова 30 жылдан бері босану бөлімінде еңбек етеді. Маманның айтуынша 500 грамм салмақпен туылған шақалақтар тиісті күтім мен аналық қолдаудың арқасында аман алып қалуға болады екен.

Гүлнара КҮРЕНОВА, БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Біз мерзімінен ерте босанатын аналарды алдын ала білеміз. Бізге орталықтардан ерте босану қауіпі жоғары жүкті әйелдердің тізімі беріледі. Сондықтан әйелдер дер кезінде қаралу қажет. Техника тұрғысынан салмағы өте аз баларды қабылдаудың ерекшеліктері де бар. Оларға апараттарды тез арада алдын ала дайындаймыз, температурасы бір қалыпты кувез тұрады. Біздің ең басты жұмысымыз ана мен баланы қандай жағдай болмасын аман-есен етіп, сәбиді дүниеге алып келу. Әрі қарай тиісті мамандарға тапсырамыз.

Тамақтану, көңіл күй, түрлі аурулар, физикалық белсенділік болашақ ананың шұғыл түрде босануы қаупін күшейтетін факторлар. Нәрестелер патологиясы бөлімінде ерекше әдістер қолданылады, соның бірі - кингуру жаттығуы. Онда шақалақ ата-анасының кеудесіне жатқызылып, олардың микрофлорасын сіңіреді.

Жұлдыз АХМЕТҚАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ НӨМІРІ 2-І ПЕРЕНАТАЛДЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕОНАТОЛОГІ:

Осы бірінші қаңтардан бері осы уақытқа дейін 1954 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 181 бала мерзімінен ерте туылды. Соның ішінде ең төмен салмақта 530 грамм нәресте дүниеге келді. Мерзімінен ерте туылған нәрестелерге негізгі жағдай ол күтім, анасымен шексіз байланыс болу керек. Бізді және кингуру әдісі тек анасымен ғана емес, әкесімен де жасалады. Әйел өзінің жүктілігін біріншіден жоспарлау керек, инфекцияға анализ тапсыру керек, өзінің денсаулығын бірінші түзеу керек, мұндай шала туылған нәрестелерге мерзімінен ерте туылуға әкелмес үшін.

2022 жылы 44 219 нәресте дүниеге келді, оның ішінде: мерзімінен бұрын – 3127 шақалақ туылды. Шала туылған сәбилердің арасында дене салмағы төмен - 2535; салмағы өте төмен - 312; және экстримальды түрде төмен салмақтағы - 280 бөбек туылды.

Шала туған шақалақ анасын еме алса, салмағы 2 келіге жетіп, дене температурасы мен демі тұрақтанса ауруханадан шығарылуға рұқсат алады.