$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды

AstanaTV
06.10.2016ж. 20:00
2572
Жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды

Жергілікті мәслихаттардағы босаған орындарға кандидаттарды тіркеу аяқталды. Енді үгіт-насихат науқаны басталмақ. Ол 28 қазанға дейін созылады. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді. Яғни түрлі себептермен мандатын өткізіп, мәслихаттардан шығып қалған азаматтардың орнына депутаттар сайлауы өтеді. Орташа бәсекелестік деңгейі бір депутаттық мандатқа 3 үміткерден келеді. Барлығы 101 үміткер ұсынылған. Округтік сайлау комиссиялары олардың 96-сын тіркеді. Кандидаттардың басым көпшілігі ер адамдар. Олардың үлесі  82,3 пайызды құрайды. Өзге 18 пайызға жуығы - әйелдер.

Бахыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Дауыс беру 2016 жылғы 30 қазанда болады. Осы сәтте мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанын өткізуге байланысты, шағымдар мен өтініштер Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жоқ.