Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада "Phenomenal kids" танымдық ойын-сауық жобасының тұсаукесері өтті

02.06.2023ж. 20:00
751
Астанада "Phenomenal kids" танымдық ойын-сауық жобасының тұсаукесері өтті

Астанада "Phenomenal kids" танымдық ойын-сауық жобасының тұсаукесері өтті. Қазақ тілінде әзірленген жоба мектеп пен мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған. Толығырақ бейнематериалда.

Балаларға арналған ерекше танымдық ойын-сауық жобасы елімізде алғаш рет ашылды. Онда ертегілер, бесік жырлары және балаларды дамытуға бағытталған контенттер жасалды. Жобаға қазақстандық суретшілер, блогерлер, көшбасшылар қолдау білдірген.

Әскер ӘБДІРАХМАНОВ, КОМПОЗИТОР:

Бесіктен басталады тәрбие де, тілде. Сондықтан жаңа туған балаға бесік жыры аз болды. Жоқ десе болады. Бесік жырын бердік бір альбом қылдырып. Сосын өсе келе ақырын ақырын дамытқыштар көре бастайды. Бір-екі деп санай бастайды. Дамытқыштар бердік. Ертегілер тыңдай ертегілер бердік. Бәрін 12-ден құрадық. Жыл атауына қарап.

Қазақ тіліндегі танымдық мультфильмдер мектеп жасына дейінгі балаларға және ата-аналарға арналған. Жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпақты этикалық, моральдық және мәдени мінез-құлық нормаларының призмасы арқылы оңай қабылданатын форматта тәрбиелеу дейді - жоба жетекшісі Азат Әбікен.

Азат АБЫКЕН, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ, ПРОДЮСЕР:

Шындыққа тура қарау керек. Балалар өзгеше өсіп келе жатыр. Олардың қазіргі қажеттіліктері біздегіден мүлде басқаша. Жобаны жасау кезінде қажеттіліктер ескерілді, балаларды зерттедік. Жылдам өзгерістерге олар тез бейімделу керек. Ұлттық болмысты да ұмыт қалдырған жоқпыз. Дәстүрді дәріптеу басты мақсаттарымыздың бірі.

Айта кетейік, алғашқы мультфильм осыдан 3 ай бұрын жарық көрген. Көрермен көңілінен шығып, қаралымы да көп болды. Оны YouTube-тан тегін көруге болады. Жоба балалардың танымдық дүниесін кеңейтуге үлес қоспақ.