$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Депутат бекіре тұқымдас балық уылдырығының саудасын монополияға беруге қарсы

AstanaTV
06.10.2016ж. 20:00
2575
Депутат бекіре тұқымдас балық уылдырығының саудасын монополияға беруге қарсы

Қазақстанда балық шаруашылығын реттейтін заң керек. Мәжілістегі аграрлық мәселелер комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарымен бірігіп өнеркәсіптік балық шаруашылығын дамыту тақырыбын қозғады.  Бұл сала Парламент қарауындағы «өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бойынша заң жобасына» ілеспе нормамен реттеліп отыр. Аталған шаруашылыққа қажетті деңгейде назар аударылмай келеді. Сол себепті Қазақстан суларында балықтың жабайы популяциясы кеміген. Мәселен, жыл сайын ауланатын балықтың екі пайызы ғана өнеркәсіптік жолмен өсірілген. Өзімізде балық аулап, оны өңдеп, тіпті экспортқа да шығарамыз. Бірақ өнімнің  ауқымды бөлігін сырттан тасимыз. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ