$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Имамдар медицина университетінің студенттеріне діни дәріс оқыды

AstanaTV
06.10.2016ж. 20:00
2334
Имамдар медицина университетінің студенттеріне діни дәріс оқыды

Имамдар Астанадағы Медицина университетінің 1-ші курс студенттеріне діни тақырыпта дәріс оқыды. Айрықша кездесу шахар әкімдігінің бастамасымен қолға алынған. Жиында Астана қалалық дін істері басқармасының өкілдері, танымал теологтар мен құқық қорғау саласының қызметкерлері баяндама жасады. Жастарға жат діни ағымдардың жетегіне еріп кетудің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді. Студенттер де көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, білікті мамандардан тұшымды жауап алды. Университет қызметкерлері өскелең буынға мұндай шаралардың шарапаты мол екенін айтады.

Алтынбек Нұрмұханов, Астана медицина университетінің жастар ісі жөніндегі деканы:

Жастарға теріс бағыттағы діни ағымның зиянын және оның салдары туралы түсініктеме берудеміз. Діннің таза және дұрыс бағыттағы жолына көздерін бұруға тырысып жатырмыз.

Қабылбек Жұмабеков,  «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы:

Қазақта жақсы сөз бар: "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде". Бүгін студенттермен кездесіп, қарқынды мәселе көтерді. Және сұрақ жауап көтеріліп, болашақта өздеріміздің қаракөздеріміз өзіміздің асыл дінімізді дұрыс түсіну деген мақсатта келген жайымыз бар. Имамдар медицина университетінің студенттеріне діни дәріс оқыды.

Имамдар Астанадағы медицина университетінің 1-ші курс студенттеріне діни тақырыпта дәріс оқыды. Айрықша кездесу шахар әкімдігінің бастамасымен қолға алынған. Жиында Астана қалалық дін істері басқармасының өкілдері, танымал теологтар мен құқық қорғау саласының қызметкерлері баяндама жасады. Жастарға жат діни ағымдардың жетегіне еріп кетудің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді. Студенттер де көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, білікті мамандардан тұшымды жауап алды. Университет қызметкерлері өскелең буынға мұндай шаралардың шарапаты мол екенін айтады.

Алтынбек Нұрмұханов, Астана медицина университетінің жастар ісі жөніндегі деканы:

Жастарға теріс бағыттағы діни ағымның зиянын және оның салдары туралы түсініктеме берудеміз. Діннің таза және дұрыс бағыттағы жолына көздерін бұруға тырысып жатырмыз.

Қабылбек Жұмабеков, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы:

Қазақта жақсы сөз бар, ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде. Бүгін студенттермен кездесіп, қарқынды мәселе көтерді. Және сұрақ жауап көтеріліп, болашақта өздеріміздің қаракөздеріміз өзіміздің асыл дінімізді дұрыс түсіну деген мақсатта келген жайымыз бар.