Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Үндістандағы теміржол апатынан зардап шеккендердің саны 300-ге жетті

AstanaTV
04.06.2023ж. 17:09
821
Үндістандағы теміржол апатынан зардап шеккендердің саны 300-ге жетті

Үндістанның Одиша штатында бірнеше пойыздың соқтығысуынан қаза тапқандар саны 300-ге таяды.

Шетелдік басылымдардың мәліметінше, қазіргі уақытта 294 адамның қайтыс болғаны айтылған. Тағы жүзге жуық жолаушы ауыр жағдайда. Зардап шеккендердің саны мыңнан асты.

20 жылдағы ең үлкен теміржол апатының аясында оппозиция Үндістанның байланыс жолдары министрі Ашвини Вайшнауды отставкаға кетуге шақырды.

Оқиға 2 маусымда Баханага Базар станциясының жанында болды. Coromandel Express жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысып, сегіз вагон рельстен шығып кетті.