Adv pic
$475.96 €506.95 ₽4.96
×

Алматыда көлік жүріп бара жатқанда өртеніп кетті

AstanaTV
04.06.2023ж. 17:20
634
Алматыда көлік жүріп бара жатқанда өртеніп кетті

Алматыда Toyota Land Cruiser автокөлігі жүріп бара жатқанда өртеніп кетті.

Алматының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 3 маусымға қараған түні әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған.

«2003 жылғы Toyota Land Cruiser 6 шаршы метр аумақта өртенген. Өрт 02:57-де ауыздықталып, 03:03-те сөндірілді. Өрттің алдын-ала себебі - газ-ауа қоспасының жануы. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мен жолаушы салоннан кетіп үлгерген, олар ауруханаға жатқызудан бас тартқан», - деді ведомство өкілдері.