Adv pic
$475.96 €506.95 ₽4.96
×

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

AstanaTV
04.06.2023ж. 17:38
706
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады

– Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы! – деп жазылған құттықтауда.