Өткен демалыс күндері Гаитиде нөсер жауын салдарынан мыңдаған үй су астында қалды, 42 адам қаза тауып, тағы 85-і жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпаратынша, қатты жаңбырдан соң Гаитиде бірнеше өзен арнасынан шығып, бұл өз кезегінде су тасқынына, тас және лай көшкініне әкеліп соққан.
Су тасқыны салдарынан 13 300-ден астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды.
Гаитидегі 10 департаменттің бесеуінде: Батыс, Ниппес, Оңтүстік-Шығыс, Солтүстік-батыс және Орталықта тағы 11 адам із-түзсіз жоғалды.
«Үкімет ұлттық және халықаралық институттармен бірлесіп, жағдайды шешу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр», - деп жазды Гаити премьер-министрі Ариэль Анри Twitter парақшасында.
Дүйсенбіде жауған жауын-шашынның салдарынан қаза тапқандар саны тағы өсті.
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шұғыл әрекет ету топтары мен көмек көрсету ұйымдары жұмылдырылды.
Гаити гуманитарлық көмекке мұқтаж.
Су тасқыны қаупі 1 маусымда басталған дауыл маусымында жалғасады деп болжанып отыр.