$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде апатты үйдің тұрғындары жаңа үй құрылысына рұқсат ала алмай жүр

09.06.2023ж. 20:00
925
Ақтөбеде апатты үйдің тұрғындары жаңа үй құрылысына рұқсат ала алмай жүр

Ақтөбеде апатты үйдің тұрғындары шу көтерді. Айтуларынша 35 отбасы далада қаңғып қалған. Өйткені бес жыл бұрын «апатты» деп танылған үй тұрғындарына инвестор жаңа үй салып беретін болыпты. Бірақ құжаттары дұрыс болмай, құрылыс ұзаққа созылатын түрі бар. Ал баспанасыз қалған тұрғындар қазір пәтер жағалап жүр. Тараптарды тілшіміз Бақыт Рахметова тыңдап қайтты.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Бұл тұрғын үй бес жыл бұрын апатты жағдайда деп танылған. Ал бір ай бұрын мұндағы тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілген. Тап қазір есік, терезесі жоқ тұрғын үй қаңғыбастардың мекеніне айналыпты.

Бұл апатты жағдайдағы жатақхана елуінші жылдары салынған. 35 отбасыға шақталған баспана адам тұруға келмейтін халде. "Апатты" деп танылған үйге жуырда инвестор тартылып, орнына бес қабатты жаңа үй салынатын болған. Бірақ құрылыс әлі басталмады.

Самал БЕГІМБЕТОВА, ТҰРҒЫН:

Аварийный домға тұра алмаймыз ғой. Мынадай домда қалай тұрамыз? Свет ті, суды қиып кетті. Содан кейін далада қаңғып жүрміз ғой енді. Үйімізді бұзып, мына жерден үй салу керек.

Дәметкен ЕСБОЛСЫНОВА, ТҰРҒЫН:

20 кв болса да ол менің баспанам ғой. Мен осы жерден үй салып бергенін қалаймын. Мына домдар келіспей отыр. Біздер квартирада қаңғып жүрміз. Неше ай болды уже. Біздерге осы домдар секілді құсап жаңа баспанада тұрғымыз келеді. Бала-шағаны осы жерде өсіргіміз келеді.

Негізінен бұл жатақхана тұрғындарының дені көпбалалы аналар мен зейнеткерлер. Жаңа үйдің елу пайызы осы апатты жағдайдағы үй тұрғындарына берілмек. Әр тұрғынға жаңа үйден 20, 30 шаршы метр тегін берілсе, қалған бөлігін олар несиеге рәсімдемек. Әу баста мердігер мекемемен осылай келісім жасалған. Енді көрші үйлердің тұрғындары бес қабатты үйдің құрылысына қарсы шығыпты. Содан кейін жоба экспертизадан өтпей қалыпты.

Бауыржан КИТАНОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ:

Проектіні кесіп тастаңдар бір подъездін алып тастаңдар дейді. Ол ойыншық емес қой. Ол деген 800 млн тұратын проект. Қазір мынаны кесіп тастасақ, пайдасы болмайды. Пайдасы болмаған соң, инвестор келмейді. Біздер шығынға батамыз. Басында рұқсат беріп, добро берді. Енді басқа команда келіп отмен жасап отыр.

Ал әкімдіктегілер қазір көрші үйдің тұрғындары қарсы болғандықтан тағы бір қоғамдық тыңдау өткізуді жоспарлап отыр. Тек содан кейін ғана мәселе шешілуі мүмкін.

Сұлтан АМАНШИН, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Әкімшіліктен рұқсат қағаздарын алды. Қазіргі уақытта эскиздік жобасы да келісілді. Әрі қарай инвестордың жұмысы рабочий прокт жасап, содан кейін экспертизадан өтуі керек. Заңға сәйкес қадамдары бар. Солардан өту керек.

Қоғамдық тыңдаудан нәтиже болмаса тұрғындар сотқа жүгінбек.