Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

AstanaTV
09.06.2023ж. 21:37
628
FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

Семей - Алматы бағытындағы FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысуы салдарынан кешіктірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейс алдын ала мәлімет бойынша Семей қаласының жергілікті уақыты бойынша бүгін сағат 22:30-ға жоспарланып отыр.

"Ұшу уақыты туралы ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ, жолаушылар FlyArystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады", - делінген компания хабарламасында.

Әуекомпания тарапынан рейс жолаушыларына мына жағдайларда кейбір қызмет түрі ұсынылады:

1. Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ, бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрон пошта хабарламасын сұрай алады.

2. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ ұсынылады.

3. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.