Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отан» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

AstanaTV
07.10.2016ж. 20:00
1987
«Нұр Отан» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

«Нұр Отан» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. Халықаралық ұстаздар күні қарсаңында Астанадағы  № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 12 қызметкері партияға қабылданды.

Білім ордасында «Нұр Отан» партиясының 22 белсенді мүшесі бар. Олардың бастамасымен көптеген акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жуырда ғана өткен «Мектепке жол» акциясында мұғалімдердің өздері демеуші тауып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушылардың керек-жарақтарын алуына қолғабыс тигізген. Сондай-ақ, бұл мектепте жетім балалардың жағдайы да басты назарда. Олардың ешнәрседен таршылық көрмеуіне барша ұстаздар жұмыла атсалысады. Бүгін партия куәлігін қолына алған мұғалімдердің бірі Нышангүл Құлбекова. Бұл шараның мен үшін маңызы зор,- дейді ұлағатты ұстаз.

Нышангүл Құлбекова, № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің  мұғалімі:

Өзім осы партияға бір емес, бірнеше мәрте көмек сұрап барғанмын. Маған жауапкершілікпен көмек көрсеткен партия болғандықтан, мен өз қалауыммен, өз еркіммен, елімнің патриоты ретінде атсалысқым келіп отыр жұмысына, сәттілік тілеймін.

Бүгін таңда Астана қаласы бойынша 350 бастауыш партия ұйымында 45189 азамат мүшелікте. Олардың әрқайысысымен жұмыс істеуді филиал алдына мақсат етіп қойған.  

Еділ Мамытбеков, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру талабы қойылған. Астана қалалық филиалында арнайы бір күнді бекітіп, филиал өкілі партия қатарындағы азаматтармен кездесу өткізіп тұрады. Онда жаңалықтармен бөлісіп, соңғы өзгерістер, қаулылар мен бұйрықтарымен таныстырады. Түсіндіру шаралары тек нұротандықтармен ғана жүргізіліп қоймайды. Алдымызда барша халыққа мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын жеткізу міндеті тұр.