$461.37 €502.62 ₽6.69
×

Әділет министрі өз кабинетін БАҚ өкілдеріне босатып берді

07 қазан 2016
2184
Әділет министрі өз кабинетін БАҚ өкілдеріне босатып берді

Әділет министрі Марат Бекетаев өз кабинетін БАҚ өкілдеріне босатып берді. Жаңадан ашылған баспасөз орталығында талқыға түсетін заң жобалары жалпы жұртқа жария болмақ. Бұл қабылданып жатқан заңнамалар халыққа барынша ашықтық қалпын сақтап, түсінікті болуы үшін жасалып отырған қадам.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

Осы залдан сіздер ведомствоаралық комисия жұмысын көресіздер. Мұнан соң біздің баяндамашылар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беретін болады.

Заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 6 бірдей заң жобасының концепциясына тоқталды. Бүгінде қаржылық институты құрылып келе жатқан Қазақстанның алып қаржы қорларына мүшелікке өту турасындағы заң жобасы бірауыздан мақұлданған. Бұл Қазақстанға не береді деген сауалды ұлттық экономика  вице-министріне қойған едік.

Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

Қазақстанға ма? Мына жалпы осы банктерден льготтық қаржы келеді ғой. Банк енді ашылды, жұмыс жасалып жатыр. Жұмыс енді басталып жатыр. Осы банк арқылы Қазақстанның инфраструктуралық жолдарына қаржы тартқымыз келіп отыр. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар