Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Мұндай жағдай енді болмасын!"

"Мұндай жағдай енді болмасын!"

Абай облысындағы алапат өрттен қайтыс болған 14 адамның қазасы барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. Зиялы қауым өкілдері опат болған азаматтардың туыстарына көңіл айтты.

Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ПРОФЕССОР:

Адамның өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ. Өрт сөндірілер, бірақ тағы да осындай өрт болмасына кім кепіл. Ешкім кепілдік бере алмайды. Осы саладағы мемлекеттік органды күшейту керек. Оларға жаңа техника керек. Оларға арнайы су таситын самолет керек, басқа да құрал-жабдық керек. Шетелдің озық тәжірбиесінен үлгі алу керек. Құрбан болғандарға, олардык туыстарына көңіл айтамын.

Әсия БЕРКЕНОВА, ХАЛЫҚ АҚЫНЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Тек қана еліміздің төрт ақ пайызын алып жатқан орманға келген зиян емес, бұл адамның жанына, адамның санына, әр жанұяның басына түскен қаралы, қайғылы жағдай болып тұр. Сондықтан қазақ елін бекем болуға шақырамын. Біз әрдайым, жанымызбенен, рухымызбенен сондай қиындық кешкен жандарменен біргеміз дегенді айтқымыз келеді. Алла Тағала енді елімізге мұндай сынақ бермесін деп тілеймін.

Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ, АЙТЫСКЕР АҚЫН, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Өрт апаты біздің халқымызға келген бір үлкен қасірет болды. 14 бірдей азаматымыздан айырылдық. Қанша адамдардың жүрегіне жара салынды. Бүкіл халық болып қазір күңіреніп жатыр. Сондықтан мен бүкіл қазақ халқына көңіл айтамын. Халқымыз аман болсын, енді бұндай қиыншылықтардан сақтасын деп тілеймін!

Мұқым ел бүгін аза тұтып, қаза тапқан орманшылардың отбасына қөңіл қосын білдіріп жатыр. Елімізде мұндай жағдай енді болмасын дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Орманшыларымызға, ормандағы үйлерге, барлық отбасыларына азаның арты қайырлы болсын дейміз. Бұндай күндер ешкімнің басына салмаса екен дейміз.

- Біздің бүкіл Қазақстанымызға қиын жағдай. Орманшылардың отбасыларына көңіл айтамыз, күш-қуат берсін, шаршамасын, біз біргеміз.

- Қайғырып көңіл айтамыз. 14 азаматымыз ортамыздан кетіп жатыр. Көңіл айтамыз қайтыс болған адамдардың отбасына. Жүрегіміз ауырады.

- Елімізде қайталанбасын. Соның бәрін ескеріп қолға алу керек сияқты.Болған жағдай сабақ болсын.Барлық отбасыларыңа сабырлық, елімізге тыныштық болсын!