Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Абай облысындағы өрт біздің өрт сөндіру жүйеміздің қаншалықты тиімсіз екенін көрсетті», - М.Әшімбаев

15.06.2023ж. 20:00
1061
«Абай облысындағы өрт біздің өрт сөндіру жүйеміздің қаншалықты тиімсіз екенін көрсетті», - М.Әшімбаев

Абай облысындағы өрт біздің өрт сөндіру жүйеміздің қаншалықты тиімсіз екенін көрсетті. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Абай облысындағы орман өрті жағдайдың күрделілігін көрсетті. Мәселе тәртіптің болмауы мен бөлінген қаржыны дұрыс қадағаламаудан туындаған. Сондықтан «2024 жылға арналған бюджетті бөлу кезінде депутаттар осы олқылықтарды ескеруі керек»,- деді Сенат спикері.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Абай облысындағы өрт біздің төтенше жағдай кезінде әрекет ету жүйеміздің қаншалықты тиімсіз екенін анық көрсетті. Бұл енді ақиқат. Бұл жерде енді дауласудың да қажеті жоқ. Жалпы 15 адам қаза болғанын да айтып жатырмыз, көңіл айтып жатырмыз. Жалпы мұндай жағдайлар тарихымызда бірінші рет осындай өртпен күресіп жатсақ енді мүмкін түсінікті болар еді. Мұндай жағдайлар жыл сайын болып жатады ғой.