Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Павлодар облысында 15 жастағы оқушы 9-қабаттан құлап мерт болды

AstanaTV
15.06.2023ж. 18:12
828
Павлодар облысында 15 жастағы оқушы 9-қабаттан құлап мерт болды

Павлодар облысында 15 жастағы оқушы 9-қабаттан құлап мерт болды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 15 жастағы оқушы үйінің 9-қабатының балконынан секіріп кеткен.

Ал жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі өкілдері бригаданың шақыртуға сағат 22:29-да шыққанын айтты. Алты минуттан кейін дәрігерлер оқиға орнында болып, оқушы қыздың қаза болғанын хабарлады.

Туыстарының айтуынша, ол үйдің кенже балалары қайда ойнап жүргенін көру үшін терезеден аулаға қарап тұрған, бірақ абайсызда құлап кеткен.

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы мен прокурор да шықты. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы  "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тергеліп жатыр. Сараптама тағайындалды.